1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Өңірдің бас дәрігерлері медициналық көмекті қаржыландыруға қатысты өз мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді. Ақтауға сапар барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы «Мұхамбет» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Бұл ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жекеменшік клиника. Айта кетерлігі, ауыл азаматтарына медициналық қызметтердің кең тізімі, тіпті КТ мен МРТ қолжетімді. Сонымен қатар, клиника өз бетінше, бірлесіп орындаушыларсыз жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Қор басшысы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында болды. Ол өткен жылдан бері қаржылық қиындықтарға тап болып, үлкен кредиторлық берешегі бар. Десе де жағдайға қарамастан, мұнда халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. Ұжыммен кездесу барысында менеджмент, экономикалық және дәрігерлік қызмет, жеткізушілермен жұмыс, нормативтік-құқықтық сипаттағы шектеулер туралы көптеген нюанстар талқыланды. Қор басшылығы бұл мәселе Қор мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана өз шешімін табатынын атап өтті.
Қордың басқарма төрағасы облыстың медициналық активімен кездесу барысында алуан түрлі сұрақтарды талқылады.

Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жапырақ Епенова медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялауға көмек көрсетуді сұрады. Олар жеткізушіні ауыстырған, енді бұрынғысы мәліметтер базасына кіруге мүмкіндік бермей отыр. Осыған байланысты жолдамаларды қолмен жазып, әйелдер мен олардың сәбилерін скринингтерге, екпелерге шақыруға тура келеді. Осы мәселеге байланысты орталық қаңтардан бастап көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы ала алмайды.

Жаңаөзен қаласындағы «Стоматология» ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Раушан Тұяқбаева 2024 жылы қосымша сатып алу жайына тоқталды. Оның айтуынша, бұрын олардың клиникасы стоматологиялық креслолардың санын фактіге қарағанда аз көрсетіп, өтінімді қате рәсімдеген. Өңірлік комиссия енгізілген деректерге сай көлемдерді бөлген. Бұл қаржы пациенттердің қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз. Сондықтан клиника қосымша сатып алуға қатысқысы келеді.
Ауылдық медициналық ұйымдарға қатысты бірнеше кейс қарастырылды. Қарақия аудандық орталық ауруханасының директоры Шәміл Нәдір ауылдық амбулаторияларда бейінді дәрігерлердің жоқтығын айтып қынжылды. Осыған байланысты жалпы тәжірибе дәрігерлері немесе бір профильдегі мамандар басқа саланың медициналық қызметтерін көрсетуге мәжбүр. Алайда бұл медициналық стандарттар мен ережелерге қайшы келеді. Сондықтан мұндай медициналық қызметтер лицензиясыз деп табылып, ақауларға жатқызылады. Қордың медициналық көмектің сапасын мониторингілеу департаментінің директоры Гүлзия Таипова ережеге өзгерістер енгізілмейтінін, бұл нормаларды жоюға болмайтынын айтты. Ол медициналық ұйымдарда қажетті маман болмаған жағдайда қашықтықтан консультация өткізу үшін оны кез келген аймақтан бірлесіп орындау шарты бойынша тарта алатынын түсіндірді. Сонда пациенттерге қажет медициналық қызметтер қолжетімді болмақ. Бұдан бөлек басқа профильдегі дәрігер тиісті біліктілікке қол жеткізіп, қажетті медициналық қызметтерді заңды түрде көрсетуге мүмкіндік алады.
Айта кету керек, медициналық кадрлармен жасақтау денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне кіреді. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, ауылдағы медициналық ұйымдарға бейінді мамандарды тартуға көмек көрсетілетінін атап өтті.
Қор төрағасы кездесуден түйген ой-пікірімен бөлісті.

«Біз бірнеше сұрақты талқыладық. Өзімізге түртіп жазып алып, бақылауда ұстайтын боламыз. Кейбіреуі Қордың құзыретіне кірмейді, сондықтан оларды шешуге уақыт керек. Олардың бір бөлігі жергілікті деңгейде шешілуі мүмкін және денсаулық сақтау басқармасының басшылығы да бұған қызығушылық танытқанына қуаныштымыз. Ортақ мақсатпен, ортақ мүддемен алға қарай бірге қадам басатын боламыз», - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров осындай бірлескен жұмыстың нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 100% болмаса да, проблемалардың басым бөлігі шешіліп қалатынына сенім білдірді.
15.07.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу